Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Наташа Королева Бүркіттің арқасында қазақ тілін үйренгенін айтты (видео)

Наташа Королева Бүркіттің арқасында қазақ тілін үйренгенін айтты (видео)

Kyzylorda-news.kz. Бүркіт пен Наташа Королеваның бірнеше күн бойы тер төгіп түсірген бейнебаяны жарық көрді. Ресейлік жұлдыз қазақстандық әншімен бірлесіп ән жазып, оған клип таспалау үшін арнайы Алматыға келген болатын деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қос әнші бірге шырқайтын "Қылықты қыз" әнінің бейнебаяны Youtube желісіне екінші тамыз күні жарияланған. Үш күн ішінде туынды 183 мың қаралым мен сансыз пікірлерге ие болған.
Желі қолданушыларының жартысынан көпшілігі өнер иелерінің ортақ жұмысына оң бағасын беріп, Королеваға қазақша ән айтқызған Бүркітке риза болған.
Айта кетерлігі, бейнебаян қазақи нақышта түсірілген. Ресейлік әнші де үстіне ұлттық ою-өрнектермен безендірілген камзол киген.
Сонымен қатар клипте "Қазақстан аруы - 2013" атанған Айдай Исаева мен актер Бауыржан Сатов та бой көрсеткен.
Қазақстанға келген Наташа Королева Қазнетті біршама шулатқан болатын. Желіде ресейлік жұлдыздың қазақи камзолды киіп, бидің түбін түсірген видеосы тараған.
Оған қоса, ол Аишаның қонақжайлығына аса тәнті болып, Бүркіттің арқасында қазақ тілін үйренгенін айтты.

05 тамыз 2019 ж. 368 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области