Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 7 тамызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Бүгін эмоцияңызды басқарып, өзіңізді қолға алу қиынға соғады. Болмашының өзі ашуыңызға тиюі мүмкін. Сондықтан көпшілік бас қосатын жерге бармай, өз-өзіңізбен болғаныңыз дұрыс.
Торпақ
Оңай олжалы болуға ұмтылмаңыз. Табысқа жетуге мүмкіндік бар, бірақ оның өзі жеңіл жолмен келмейтіні анық. Тіпті күнделікті атқарып жүрген шаруаңыздың өзі қиындық тудырады.
Егіздер
Ештеңеге алаңдамаңыз, оған негіз де жоқ. Барлық істе де жолыңыз болады. Тіпті қиын шаруалардың өзін оңай атқарасыз. Бұрынғы жұмыстағы тәжірибелеріңіз қазіргі сәтті сізге қажет болады.
Шаян
Мақсатқа жету жолын анықтап аласыз. Сонымен қатар қандай жоспар құрып, қандай іс-әрекет ету керек екенін ұғасыз. Түстен кейінгі уақытта өз-өзіңізге талапшыл болып, табандылық танытыңыз.
Арыстан
Өзіңізге қояр талабыңыз зор болса, көп шыңдарды бағындыра аласыз. Болашағы зор жобалар бойынша жұмыс жасайсыз немесе серіктестіктің уақытын ұзартасыз.
Бикеш
Күніңіз сәтті басталып, жемісті болмақ. Аз ғана уақытыңыз бар, сондықтан жетістікке жетуге асығыңыз. Маңызды мәселелерді түстен кейінгі уақытқа қалдырыңыз.
Таразы
Қарбалас күн. Өз шаруаңызды ысырып қойып, өзгелерді сабырға шақырасыз. Сондай-ақ бір мәмілеге келу үшін адамдардың тілін табуға тырысасыз.
Сарышаян
Бүгін сіз ұрысып, екі жаққа кеткен жандарды татуластыруға тырысасыз. Сіз өзгелердің мәселесін шешуден-ақ босамайсыз. Сондықтан өз мәселеңіз кейінге қалады.
Мерген
Түске дейінгі уақытыңыз жұмыс іздеумен немесе серіктестік таңдаумен өтеді. Болашаққа жоспар құрып, кәсібіңіздің қаңқасын құра бастайсыз. Бірақ мұнымен шаруа аяқталмайтынын естен шығармаңыз.
Тауешкі
Тез арада аяқтауды қажет ететін жұмыс шығады. Олардың қатарында қиын шаруалар да бар. Бірақ еш уайымдамаңыз, бұл жұмыстардың барлығын орындауға сіздің күш-қуатыңыз жеткілікті.
Суқұйғыш
Түске дейінгі уақытыңыз қарбалас болып өтеді. Дәл осы уақытта кикілжіңдер де орын алады. Тіпті бұрын сіздің жағыңызда болған жандармен де сөзге келесіз. Эмоцияға берілмеуге тырысыңыз.
Балықтар
Бүгін сіз бизнес-жоспар құрып, іскерлік кездесу ұйымдастырасыз. Сізді алғаш көрген жандар сырт келбетіңізге және көпшілік алдында өзіңізді ұстау қабілетіңізді жоғары бағалайды.