Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін азаматтар жауапкершілікке тартылды

Қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін азаматтар жауапкершілікке тартылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы «Квадрат» жедел - профилактикалық іс-шарасы №3 әкімшілік аймақта өз жалғасын тауып, қаланың ескі базар және 3-күрделенген квартал, Қазыбек би көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлер мен аулалары, жайма базарлары мен сауда орындары және осы маңдағы құрылысы аяқталмаған ғимараттар полицияның тексеруімен қамтылды.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше іс-шараға барлығы 37 қызметкер 7 автокөлікпен жұмылдырылған.
«Аталған аумақтарда тұратын полицияның профилактикалық және тізімдік есебіне алынған 17 азамат және 30 азаматтық қару иелері мекен-жайларынан араланып тексерілсе, спирттік ішімдікке құмар азаматтардың жиналуы мүмкін орындары, пәтерлер, көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелері мен шатырлары және құрылысы аяқталмаған ғимараттар тексеруден өткізілді.
Сондай-ақ, сауда орындары мен жайма базарларды аралау кезінде әртүрлі мақсатта жүрген Өзбекстан және Қырғызстан Республикаларының 13 азаматы ұсталып, олардың жеке бастарын анықтау мақсатында қабылдау-тарату орнына жеткізілді. Жеткізілген азаматтардың жеке бастары анықталған соң оларға тиісті әкімшілік шаралар көру үшін ҚПБ-ның Көші-қон қызмет бөліміне жолдауға құжаттар жинақталуда», - делінген департаменттің таратқан мәліметінде.
Профилактикалық іс-шара барысында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабының 1-бөлімі немесе ҚР-ның заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұза отырып, жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін сатудың 1 дерегі және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабының 3-бөлімі немесе ҚР-ның заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұза отырып, алкоголь өнімін 21:00-ден кейін бөлшек сауда арқылы өткізудің 1 дерегі анықталып, магазин сатушыларына әкімшілік хаттама толтырылды.
Жедел профилактикалық іс-шара барысында учаскелік полиция және азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының қызметкерлерімен аталған квадратта тұратын барлығы 30 қару иелері мекен-жайларынан тексеріліп, нәтижесінде қаруды сақтау ережелерін бұзғандары үшін 2 қару иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, қарулары уақытша тәркіленді.
Іс-шаралар алдағы күндері жалғасатын болады.
09 тамыз 2019 ж. 314 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области