Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл Қазалыда 11 нысанның құрылысы жүргізіледі

Биыл Қазалыда 11 нысанның құрылысы жүргізіледі

Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылы Қазалы ауданы бойынша 11 нысанның құрылысын жүргізуге республикалық, облыстық және аудандық бюджеттен қыруар қаржы бөлінді.

Қазіргі уақытта Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы аралығында құрылыс жұмыстары қызу қарқын алған. Екі аралықтан берілетін жер учаскесінің 15,4 шақырымына ВЛ 0,4 әуе электр желісі жүргізілген. Бас мердігер «Нұрай-Ақжол РГ» ЖШС 1150 дана темірбетон бағанасын орнатып біткен. Газбен жабдықтаушы мекеме – «МФК Туран» серіктестігі де жоспарланған істі жүйелі жүргізуде. Олар 19,6 шақырым төмен қысымды газ құбырының желісін жүргізіп, 1 дана газ реттеу пунктін орнатқан.
Қызылорда облысы көлемінде бірнеше құрылыс нысанын тұрғызуға атсалысқан «Аман-Құрылыс» серіктестігінің басшысы Руслан Ибрагимовтың айтуынша, қазіргі жұмысшылардың басым көпшілігі қазалылық азаматтар.
«Біз Қызылорда қаласында үй салумен айналыстық. Қазалы ауданының Жанкент, Бірлік ауылдарында мектеп салдық. Жанқожа ауылындағы медициналық пункттің де құрылысын жүргіздік. Жол салуды наурыз айында бастадық. Қарашада толық аяқтауды жоспарлап отырмыз», – дейді Р.Ибрагимов.
Бұдан бөлек, Қазалы қаласынан 81 гектар жер учаскесінде де тұрғын үйлер тұрғызылмақ. Әдеттегідей сол аймақ алдымен инфрақұрылыммен жабдықталады. Яғни ауызсу мен жол салу мәселесі бірінші кезекте орындалады деп күтілуде.
12 тамыз 2019 ж. 304 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области