Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл Қазалыда 19 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

Биыл Қазалыда 19 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

Қазалы ауданында өткен жылы 4 млрд. 631 млн. теңгеге 25 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 19 нысан пайдалануға берілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

«Әйтеке би кентінен 300 орындық мектеп, Жанқожа батыр ауылынан спорт кешені ашылды. «Қарлан» учаскесіндегі тұрғын үйлерге сервистік ауыз су желісі жүргізілді. Қалғаны, кент пен қаланың аралығындағы және 5 кварталда салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің инженерлік инфрақұрылым жұмыстары.Сондай-ақ, биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде Жанкент ауылынан дәрігерлік амбуллатория ашылды. Қазір өткен жылы басталған 6 нысан құрылысы жүргізілуде. Олар: мекемелер үйінің ғимараты, 600 орындық мәдениет үйі, 18 пәтерлі 6 көп қабатты үй құрылысы. Сонымен қатар, Қазалы қаласындағы 180 және Әйтеке би кентінегі 210 гектар жер учаскелерін электрмен қамту, газбен жабдықтау, ауыз су апару жұмыстары», - деді аудан әкімі Мұрат Ергешбаев.
Айта кетейік, статистикалық есептерге сәйкес, Қазалы ауданында 2018 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 30 млрд. 980 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артты. Құрылыс жұмыстарының көлемі 11 млрд. 516 млн. теңгені құрап, көрсеткішіміз 153 пайызды құрады.
01 ақпан 2019 ж. 440 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области