Құрбан айтта 3 отбасы баспаналы болды
Kyzylorda-news.kz. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен бастау алған «Ел үлесі пәтерге жобасы» аясында Қызылордалық үш отбасыға пәтер кілті табысталды.
Құрбан айтта ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы Болатбек Әбуов «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне айт намазын оқуға жиылған жамағат алдында республика бойынша №109-шы пәтер кілтін жанұясына табыс етті.
Дәл осы сәтте, Қармақшы аудандық мешітінде де барша жамағат пәтерге ие болған екі бірдей отбасының еселенген қуанышына куә болды.
Сонымен қатар, мұсылмандардың ұлық мерекесінде Шиелі ауданы, Тартоғай ауылында кезекті пәтердің қазығы қағылып, құрылысы басталды.