Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Kyzylorda-news.kz. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 14 тамыз күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады – найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде екпінді жел, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дауыл, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады. Күндіз бұршақ жауады.
Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с артады. Түркістан облысының жекелеген аумақтарында дауыл күтіледі.
Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Павлодар, күндіз Қостанай облыстарында бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Таңертең және күндіз кей жерлерде бұршақ болжанады.
Алматы облысының кей жерлерінде 17-22 м/с екпінде жел тұрып, оған шаңды дауыл қосылады.
Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

14 тамыз 2019 ж. 231 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области