Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елдің басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады

Елдің басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады

Kyzylorda-news.kz. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 12 тамыз күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі. Жекелеген аумақтарда жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қызылорда облысында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с екпінде жел соғады, оның күші 23 м/с артуы ықтимал.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, 15-22 м/с екпіндегі жел болжанады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні – 25 м/с күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, кей жерлерде 23 м/с артады. Шаңды дауыл тұруы мүмкін.
Күндіз Ақтөбе, Қостанай облыстарында найзағай ойнап, 15-20 м/с күшпен жел соғады.
Жамбыл, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында шаңды дауыл күтіледі.
Алматы облысының Алакөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.
Сондай-ақ күндіз Алматы, Жамбыл, Ақмола, кей жерлерде Қарағанды облыстарында қатты ыстық болжанады.
Бұдан бөлек, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, кей жерлерде Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

12 тамыз 2019 ж. 347 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области