Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 13 маусым күнгі ауа райы болжамы

13 маусым күнгі ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. 13 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталып, жаңбыр мен найзағай болжанады. Елдің батысы мен оңтүстігінде бейсенбі жауын-шашынсыз өтеді. Кей өңірлерде найзағай, тұман, дауыл, желдің күшеюі және бұршақ күтіледі. Батыста шаңды дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумағында тұман, дауыл, түнде кей бөлігінде, күндіз басым жерінде желдің күші 15-20 м/с артады. Бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай және Павлодар облыстарында дауыл, 15-20 м/с екпіндегі жел, бұршақ болжанады.
Ақмола облысында күндіз дауыл тұрып, бұршақ жауады. Түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау облысында күндіз дауыл тұрып, шаң көтеріледі, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында желдің күші 15-22 м/с артатыны күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел, бұршақ болжанады.
Күндіз Қарағанды, Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының жекелеген жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

13 маусым 2019 ж. 362 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области