Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жеті өңірде бұршақ жауады – ауа райы болжамы

Жеті өңірде бұршақ жауады – ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. 14 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жауын-шашынсыз ауа райы республиканың батысында және оңтүстік-батыстанда болжанады. Жекелеген өңірлерде найзағай, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола облысында дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болжанады.
Атырау облысында желдің күші 15-20 м/с артады. Күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.
Маңғыстау, күндіз Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады.
Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады, дауыл тұрып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жауады.
Сондай-ақ күндіз Маңғыстау облысының жекелеген аумақтарында қатты ыстық күтіледі.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

14 маусым 2019 ж. 442 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области