Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҢА НЫСАН АШЫЛДЫ

ЖАҢА НЫСАН АШЫЛДЫ


    Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай ұйымдастырылған шаралар легінде Қызылорда қаласында пробация үйі ашылды.
    Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Қ.Ысқақов пен  облыс прокурорының орынбасары  Т.Әлібаев Талғат қатысты.
    Ғимарат  Қызылорда облыстық әкімшілігі, облыстық прокуратура, облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі және облыстық қылмыстық- атқару жүйесі департаменті арасындағы меморандум аясында ашылып отыр. Онда  пробациялық есепте тұрған азаматтарға «бір терезе» қағидасы бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, білім бөлімі, көші –қон полициясы, денсаулық сақтау мекемесі, қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің заңгері және  қажеттілігіне қарай басқа да мекемелер әлеуметті- құқықтық көмек көрсетеді.
    Сонымен қатар пробациялық есепте тұрған азаматтар пробация үйінен өздеріне керек көмек түрлері бойынша  еңбекке орналастыру,мамандық меңгеру, кәсіпкерлікті қолдау үшін несие алу, орта білім алу, құжаттандыру, медициналық көмек, құқықтық көмек және өзге де көмек түрлерін ала алады.

15 желтоқсан 2017 ж. 618 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области