Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда салық қызметкерлері марапатталды

Қазалыда салық қызметкерлері марапатталды

Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттік кірістер органының құрылғанына 5 жыл толып отыр. Осыған орай Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына арнайы барып, ұжым мүшелері мен сала ардагерлерін мерейлі мерекемен құттықтады.

Мерекелік шарада Бақытжан Дүзелбайұлы жауапты міндетті мүлтіксіз орындап, аудан бюджетінің кірісін ұлғайтуда жауапкершілікпен қызмет атқарған бірқатар қызметкерлерді аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.
Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Темірлан Қожаназаров мекеме қызметкерлерін құттықтай келген аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқапқа алғысын айтып, сала ардагерлеріне сый-сияпаттарын табыстады. Салық саласының ардагері Кемал Көпжасар да құттықтау сөз сөйлеп, ұжым мүшелерінің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.


15 тамыз 2019 ж. 416 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области