Сырдариялық жұмыссыз жастар лагерьде демалды (ФОТО)
Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданындағы "Жалын" лагерінде "Сырдария - жастар мекені" атты жастар лагері өтті.
![](https://syr-media.kz/uploads/posts/2019-08/1565960895_16lager1.jpg)
Лагерге ауданға қарасты барлық елді-мекеннен жұмыссыз, белсенді және өнерлі 50-ге тарта жас қатысты.
Демалыстың алғашқы күнінде "Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының" басшысы Қ.Жанұзақов және "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы Т.Тілес жастармен кездесті. Еркін форматтағы кездесу барысында мемлекеттік жастар саясатының атқарылу барысы, кәсіпкерлікке тарту және дамыту, NEET және маргинал жастарды қоғамға бейімдеу және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану туралы ойларымен бөлісті. Қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, өз ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар, 2 күндік лагерь барысында семинар-тренингтер, "Театр - өмірдің шындығы" тақырыбындағы топтар арасындағы үздік қойылымдар сайысы, командалық спорттық сайыстар ұйымдастырылды.
Жастар лагерінің қорытынды кезеңінде барлық қатысушыларға сертификаттар мен белсенді топтарға алғыс хаттар, сыйлықтар табысталды.
![](https://syr-media.kz/uploads/posts/2019-08/1565960946_16lager2.jpg)
![](https://syr-media.kz/uploads/posts/2019-08/1565960912_16lager3.jpg)
![](https://syr-media.kz/uploads/posts/2019-08/1565960884_16lager4.jpg)
![](https://syr-media.kz/uploads/posts/2019-08/1565960908_16lager5.jpg)