Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АУЫЛ ЖАСТАРЫ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

АУЫЛ ЖАСТАРЫ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

«Асыл мұра – Орда» қоғамдық қоры «Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Ауыл жастарын әлеуметтендіру» әлеуметтік жобасы аясында Сырдария ауданы Ақжарма мен Бесарық елді мекендерінде көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Ауыл жастары арасында спорттық сайыстар, жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында арнайы, кәсіпкерлік дағдылары бойынша семинар-тренингтер ұйымдастырылды.
Тренер- мотиватор Шыңғыс Үмбетаев жүргізген семинар-тренинг соңында белсенді қатысып, ойларын додаға салған қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Сырдария аудындық жастар ресуртық орталығының басшысы Ғани Оралов жүргізген қоғамдық қабылдауда жастарға құқықтық кеңес беріліп, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі түсіндірілді.
Көшпелі шара мұнымен аяқталған жоқ. Спортты серік еткен ауыл жастары ала доп теуіп бір серпіліп қалды. 3 команда қатысқан спорттық бесекеде жақсы ойын өрнегін көрсеткена ауыл жастарына диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Барлық шаралардың мақсаты жасөспірімдер мен ауыл жастарының бойында сенімділікті оятып, мемлекеттің жастарға жасап жатқан бағдарламаларын тиімді пайдалану.



02 қазан 2018 ж. 1 061 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области