Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада биыл жол-көлік оқиғасынан 57 адам көз жұмды

Қызылордада биыл жол-көлік оқиғасынан 57 адам көз жұмды

Kyzylorda-news.kz. Жыл басынан бері Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан 57 адам қаза тауып, 351-і жарақаттанған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылғы мерзіммен салыстырғанда өңір жолдарында көз жұмғандар саны екі есеге көбейіп отыр. Ал биылғы 7 айдың өзінде 25 мыңдай азамат жол ережесін бұзғаны үшін жазаланды. Жол бойындағы қайғылы оқиғаларды азайту үшін өңірде «Жүргізуші, жолда абай бол!» профилактикалық шарасы басталды. Акция барысында жүргізушілерге арнайы жадынамалар таратылды. Сондай-ақ полицейлер көлік апаттарын азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдарға бірқатар ұсыныс берілгенін айтып отыр. Олардың қатарында жаяу жүргінші жолағына шамдар қою және қаланың 45 нүктесіне «Ақылды бұрылыс» құрылғыларын орнату секілді жоспарлар бар. Сондай-ақ «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің Қызылорда облысы аумағындағы солтүстік бөлігін 4 жолақты етіп кеңейту көзделген.
«Қарама-қарсы бағытпен жол көлік оқиғалары көптеп кездесуде. Осыған байланысты 4 жолақты жолға ұсыныс берілген. Қазіргі таңда 4 жолақты жол жасаламын дегенше, оған дейін осы екі жолақты жолдың өзіне, жолдың ортасына жолтаңбаларымен сызу ұсынысы келтіріліп тұр. Бұл жол таңбаларын басқан кезде жүргізушілердің ұйықтап кетпеуіне үлес қосылады», - дейді Қызылорда облыстық полиция департаментінің ЖПҚБ басшысының орынбасары Азамат Оспанов.

20 тамыз 2019 ж. 336 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области