Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мәслихат депутаттары спорттық нысандарды аралады

Мәслихат депутаттары спорттық нысандарды аралады

Kyzylorda-news.kz. Кеше мәслихат депутаттары аймақтағы спорт нысандарын аралап, спорттық орындардың оқу жылына дайындықтарын бақылады.

Депутаттар ең алдымен №5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Мұнда бокс залы және күрес залына қажетті құрал-жабдықтары алынып, суға түсуге арналған кабиналар орнатылған.
- Біздің мектепте 700-ге жуық оқушы оқиды. Мұнда балалар спорттың 8 түрімен айналысады. Оның 5-і олимпидалық спорт түріне жатады. Сондай-ақ, дзюдо, бокс, күрес, еркін күрес, каноэ және байдаркада есуді үйрететін үйірмелер жұмыс жүргізеді. Жас спортшылармен 20 тренер айналысады. Өткен жылы оқушымыз Диас Бахридин жасөспірімдер арасындағы сайыста ІІІ орынды иеленді,-дейді мектеп директоры Серік Сексенбаев.
Депутаттар мұнан кейін Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жөндеу жұмыстарымен танысты. Бүгінгі таңда спорт нысаны оқу жылына дейін толық пайдаланылуға беріледі.
Мәслихат депутаттары аялдаған келесі нысан – Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадион. 6 шілде күні стадион қайта жаңғыртудан өткен. 7 мың көрерменге лайықталған стадион әлемдік деңгейдегі талапқа сай салынған.
Айта кетейік, биыл мемлекеттік жеке-меншік әріптестік аясында 21 жоба мақұлданған. Өткен жылы 9 жоба қолдау тапқан. Аталған жобалар спорт мектептерінің желісін кеңейтуге және спортпен шұғылданатын адамдардың санын көбейтуге бағытталған.



21 тамыз 2019 ж. 440 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области