Ат спортының халі қалай?
Биыл Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай ат спорты жарыстары ұйымдастырылды.
Ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында үстіміздегі жылы қалада «Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубы» ашылып, жұмыс жасауда. Сондай-ақ, биыл облыстық бюджеттен №5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне 5 жылқы алынса, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №7 Жаңақорған ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің ат спорты бөлімшесіне 8 жылқы сатып алынды.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға ақысыз түрде емдік мақсатта жылқымен ем-дом жүргізу қызметтері көрсетіліп келеді. Көптеген отбасы жыл сайын аталған қызметті үздіксіз алып пайдалануда. Қала тұрғындары үшін ақылы түрде жылқылармен қызмет көрсету қарастырылған. Бұл қызметтің көрсетілу маусымы - наурыз, сәуір, мамыр және тамыз, қыркүйек, қазан айлары. Қалған уақыты жылқыларды емдеу кезеңдері болып табылады.