Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Назарбаев пен Тоқаев не жөнінде келіскен?

Назарбаев пен Тоқаев не жөнінде келіскен?

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік кеңесіне жоғары оқу орындарындағы парақорлық мәселесін зерделеуді тапсырды. Ол бұл жөнінде «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтты.

Елбасының айтуынша, бүгінде көптеген университетте студенттер емтихан тапсыру үшін пара беруге мәжбүр. Тіпті, жатақханадан орын бөлу кезінде де жастардан ақша сұрайтындар бар.
"Көптеген ЖОО-да экзаменді ақша үшін тапсыратынын білеміз. Университетке түсу кезінде мұндай бұлатын. Бірақ қазір қарапайым сессияларда бағаны сатып алып отыр. Студенттерден жатақханаға орын алатын кезде, өмірлеріне қатысты қанда йда бір қиындықтарды шешетін кезде пара сұрайды. Бұл өз кезегінде жастар тарапынан наразылықтың туындауына себепші болады. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде қауіпсіздік кеңесіне осы мәселені жіті қолға алып, талқылауды тапсырамын. Нәтижесіне орай белгілі бір шешімдер қабылданатын", - деді Елбасы кеңейтілген отырыста.
Ол сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысына жастардың өзі белсене қатысуы керек екенін атап өтті.
"Ақшаға сатып алынған білімнің не пайдасы бар? Осыдан кейін қандай маман иесі шығады? Мәселен, Назарбаев университетін алайық. Ол жердегі студенттер пара дегенді атымен білмейді. 10 мың жас қазақстандық батыстың үздік жоғары оқу орындарында білім алып келді. Солардан сұраңдаршы, кімге пара беріпті? Көрдік қой кезінде, баласын оқуға жіберген кезде, ауылдан артынан соғым келеді. Түскен кезде тағы жібереді. Ай сайын жіберіп отырады. Әлі күнге дейін бәріміз сонымен жүріп келе жатырмыз", - деді Елбасы.
Осы орайда Н.Назарбаев білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті орнынан тұрғызып, кеңес берді.
"Ректорлармен жұмыс істеу керек. Он жылдап отырған ректорлар бар. Сен соның бәрін қара. Қазір біз Қасым-Жомарт Кемелұлымен келістік. Енді ректорларды президент тағайындамайды. Үкіметке жүктеледі. Жұмыс істейтін, жаны ашитын, балаларға білім беретін адамдарды қалдыру керек. Олай жасамасаң, білім саласында ештеңе істей алмайсың. Сонда жастардың да қолдауы болады", - деді тұңғыш президент.

22 тамыз 2019 ж. 253 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области