Қазақстан аумағынан ағаш материалдарын шығаруға тыйым салынды
Kyzylorda-news.kz. Енді еліміздің аумағынан ағаш материалдарын шығаруға тыйым салынды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге 2019 жылғы 18 тамыздан бастап алты ай мерзімге тыйым салынды»,- делінген хабарламада.
Комитеттің мәліметінше, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 шілдеде № 19134 болып тіркелген, «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 564 бұйрығының 2019 жылғы 18 тамыздан бастап күшіне енгені туралы хабарланды. Бұл ретте, аталған бұйрыққа Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мынадай түсіндірмесі ұсынылды.
Бұйрық мынадай жағдайларда: Егер ЕО елдерінде ағаш материалдары-тауарлары экспорт кедендік рәсімі бойынша ресімделсе және ҚР аумағы арқылы үшінші елдерге толассыз транзитпен өтетін болса; Егер ҚР аумағындағы кету пункті арқылы үшінші елдерге өткізумен ЕАЭО (БР, РФ, РҚ, АР) елдерінде ағаш материалдары-тауарлары экспорт кедендік рәсімі бойынша ресімделетін болса қолданылмайды.
Бұйрық мынадай жағдайларда: Ағаш материалдары-тауарлары ҚР аумағына ЕАЭО, ЕО елдерінен және әлемнің басқа елдерінен келіп түскен және ҚР аумағындаға кету пункттері арқылы үшінші елдерге өткізумен ҚР аумағында экспорт кедендік рәсімі бойынша ресімделгенде, Ағаш материалдары-тауарлары ҚР аумағына ЕАЭО елдерінен басқа көлік құралдарына қайта тией отырып, оның ішінде кеден органдары белгілемеген орындарда партияларға бөлшектеумен бірыңғай кедендік декларация бойынша келіп түскен және ҚР аумағынан кету пункттері арқылы үшінші елдерге өткізумен ҚР-да экспорт кедендік рәсімі бойынша ресімделгенде, шетелдік тауарлар немесе ЕАЭО тауарлары ЕАЭО кедендік аумағынан ҚР аумағы арқылы әкетілгенде ағаш материалдары-тауарлары басқа көлік құралдарына қайта тией отырып, оның ішінде кеден органдары белгілемеген орындарда партияларға бөлшектеумен кері экспортталған және экспорт кедендік ресімі бойынша рәсімделген жағдайда қолданылады.
2003 жылғы 19 қыркүйектегі Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы тауарлар транзитінің бірыңғай шарттары туралы келісімнің (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 маусымдағы № 546 қаулысымен қол қойылған) 3-бабына сәйкес тауарлар транзиті кезінде: тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи тозу не кему салдарынан болған өзгерістерден басқа өзгеріссіз күйде қалу; транзиттен басқа қандай да бір өзге мақсаттарда пайдаланылмау; тараптар мемлекеттерінің кеден органдары белгілеген мерзімдерде және орындарға жеткізілуі тиіс екенін атап өткен жөн.
Тауарларды транзиттеу кезінде оларды басқа көлік құралдарына, оның ішінде партияларды бөлшектеумен қайта тиеу тараптар мемлекеттерінің кеден органдары айқындайтын орындарда жүргізіледі.
4-бапқа сәйкес транзит еркіндігі қағидатын сақтау мақсатында тараптар транзит еркіндігі қағидатын: әрбір тарап мемлекетінің аумағы арқылы транзит халықаралық тасымалдарға арналған, тасымалдаушы үшін неғұрлым ыңғайлы жолдар бойынша жүзеге асырылады; транзитпен өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары негізсіз ұсталмауы тиіс; транзитпен байланысты барлық кедендік рәсімдер мен формальдылықтарды тараптар кемсітпеушілік негізде қолданады деп белгіленеді.
Тараптар транзитті пайдалануда олардың ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық мораль, құқық тәртібі, азаматтардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мүдделерін бұзбау үшін шаралар қолдануға, оның ішінде жекелеген тауарларды әкелу, әкету орындарын шектеуге құқылы.