Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мұғалімдердің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті (ФОТО)

Қызылордада мұғалімдердің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Конференцияға Білім және ғылым министрлігіннің өкілдері, Парламент депутаттары, білім беру мекемелері мен ҮЕҰ өкілдері қатысты, олар оқу орындарын цифрландыру мүмкіндіктері мен жас таланттарды тәрбиелеу туралы баяндады.

Конференция барысында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов білім беру саласындағы негізгі міндеттерді саралап берді.
Аймақ басшысы атап өткендей, білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген негізгі көрсеткіштер орындалды. Дегенмен, одан бөлек шешімін табуы тиіс бірқатар маңызды мәселелер де бар.
«Біріншіден, облыста 3-6 жастағы балалар бекітілген мерзімінен бұрын балабақшамен 100 пайыз қамтылды. Дегенмен, 3 жасқа дейінгі балалардың балабақшамен қамтылу көрсеткіші әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Екіншіден, соңғы 6 жылда облыста 69 мектеп салынды, аймақ мектептерінің 60 пайызы жаңа модификациялық пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілсе компьютерлер 100 пайызға жаңартылды. Енді біз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алыс орналасқан ауылдық елдімекендердегі мектеп оқушыларына қалалық мектептермен теңдей дәрежеде сапалы білім алуға жағдай жасауы керек», - деп атап өтті облыс әкімі.
Сонымен қатар, Қуанышбек Ысқақов бәсекеге қабілетті мамандарды оқыту, қазіргі қоғамда педагог мәртебесін арттыру, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды қолдау, нарық талабына сәйкес техникалық мамандық қызметкерлерін даярдау және дәстүрлі құндылықтарға сәйкес ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу мәселелеріне тоқталды.
Аймақтың үздік педагогтары «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісіне ие болды, «Ыбырай Алтынсарин» медалімен, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, № 277 орта мектебіне «Үздік орта білім ұйымы» номинациясы бойынша 17 миллион теңге табысталды.
Одан бөлек, конференция аясында тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, «Promethean» компаниясының бас кеңесшісі Инна Стивенс цифрлық заманда интерактивті технологиялардың мүмкіндіктерін баяндаса, «BTSDigital»оқу орталығының басшысы Саясат Нұрбек Жаңа мамандықтар Атласы жобасын таныстырды. Ал мәнерлеп сырғанау бойынша Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваның әкесі Байтақ Тұрсынбаев дарынды балаларды анықтауда ата-ананың рөлін талдап шықты.
Облыс бойынша алдағы жаңа 2019-2020 оқу жылында 293 мектепте 164 500 оқушы білім алады деп күтілуде. Оның ішінде, 1 сыныпқа 21 600 оқушы барады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда Қызылорда қаласында 600 орындық орта мектеп пен 1450 орындық 3 жекеменшік мектептің құрылысы жүргізілуде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қармақшы ауданындағы №27, 30 және Жалағаш ауданындағы №201 мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, №288 мектепті ағымдағы жөндеуге қаражат бөлінді.



23 тамыз 2019 ж. 459 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области