Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Өзіңізді ақымақ қылуға мүмкіндік бермеңіз: Хиджамадан бас тартуға 6 себеп

Өзіңізді ақымақ қылуға мүмкіндік бермеңіз: Хиджамадан бас тартуға 6 себеп

Танымал нейрохирург Ермек Кисаев желідегі парақшасында хиджаманың шын мәнінде адамға қалай әсер ететінін талдап жазып берді. Дәрігердің айтуынша, аталған процедураның пайдасынан зияны басым. Сол себепті ол мұның орнына қанды донор болу арқылы тазартып отыруды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Егер қаныңызды тазартқыңыз келсе, мұны донор ретінде қан өткізіп жасаңыз. Бұл кезде қаныңыз тазарып қана қоймай, пайдалы іс жасайсыз. Біреудің өмірін құтқару мүмкіндігі туып тұрған кезде қаныңызды дәретханаға төгіп жатқаныңыз дұрыс емес сияқты.
Нейрохирург Ермек Кисаев көптен бері хиджама туралы жазғысы келіп жүргенін айтады. Себебі, алдына көптеген науқас осы процедурадан кейін келіп, оған деген көзқарасы туралы сұраған екен. Осы орайда, ол хиджама жасатқан науқастардан суреттер мен видеолар сұрай бастаған.
«Хиджама жасап жүрген дәрігерлер де бар. Олар оның келесідегідей пайдалары бар екенін айтады. Біріншіден, лас қан ағзадан шығып, ол жаңарады. Яғни қан толық тазарады. Екіншіден, микро айналым жақсарып, ағза пайдалы заттармен қоректенеді. Үшіншіден, мұны Мұхаммед пайғамбар өзіне жасап, басқаларға кеңес еткен», - деді ол.
Әрі қарай нейрохирург маман ретінде өз пікірін білдірді. Айтуынша, бұл процедураға түбегейлі қарсы. Оған себебі де жоқ емес.
«Капиллярлық қан тамырда жиналады. Құрамы көктамыр қанымен ұқсас. Хиджама жасату кезінде ЖҚТБ немесе В, С гепатиттерін жұқтырып алу қаупі бар. Ал қан орталығында бір реттік заттар ғана қолданылады және олардың барлығы таза. Процедурадан кейін орны қалады. Егер бұл нәрсе көмектессе, адамдар маған ота жасату үшін келмес еді. Егер микро айналымды жақсартқыңыз келсе, спортпен шұғылданыңыз», - деп кеңес етті ол.
Әрі қарай ол хиджаманы көптеген адамның бизнес көзі ретінде көріп отырғанын айтты. Сондай-ақ, ол мұндайда пайғамбардың есімін араластыру дұрыс емес екеніне тоқталды.
«Көп жағдайда бұл бизнес. Мұны жасап жүрген адамдардың медициналық білімі мен рұқсат құжаттары жоқ. Сондай-ақ, мұндайда пайғамбардың атын ауызға алу ұят нәрсе. Мұнда дінді араластырудың қажеті жоқ. Бұл діни процедура емес. Оның пайдасы барына да күмәнім бар. Арада көп ғасыр өтіп, түйе орнына мерседестерді жөн көріп отырмыз.
ХХІ ғасырға лайық емделейікші. Өз ақшаңызға өзіңізді ақымақ етуге мүмкіндік бермеңіз. Дәрігерлерге барудан қорықпаңыз. Бұл балгер-бақсыларға барғаннан әлдеқайда арзан. Сізді ешкім ота жасау үшін сүйреп әкетпейді. Сұраудан ұялмаңыздар. Оның үстіне қазір медицина әлдеқайда алда. Көптеген ауру емделіп жатыр. Бұдан да жақсысы – ауырмаңыздар. Дендеріңіз сау болсын», - дейді Ермек Кисаев.
25 тамыз 2019 ж. 284 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области