Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 5 мың тонна етті өңдей алатын комбинат салынуда

Қызылордада 5 мың тонна етті өңдей алатын комбинат салынуда

Kyzylorda-news.kz. Сыр еліндегі өндіріс орындары жобалық қуаттылығына сәйкес өңір экономикасын дамытуда. Бүгінде аймақта құны 567,7 млрд.теңгені құрайтын 28 жоба іске асуда. Соның бірі ауыл шаруашылығына бағытталған ет комбинатының жұмысы. Комбинаттың құрылысы бастау алған.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқарма-сының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеді.
Аталған цех іске асса қуаттылығы жылына 5 мың тонна етті тереңінен өңдейтін комбинат болмақ. Негізгі өнім экспортқа бағытталған, өнімі вакуумды қаптамада шығарылады.
Басқарма басшысы өңірде тұзға деген сұраныстың артуына байланысты жаңа испан цехын ашу ісі басталғанын жеткізді.
«Аралтұз» акционерлік қоғамы биылғы жылы өнімге сұраныстың жоғары болуына байланысты 3-ші испан цехын салу мәселесін қарастыруда. Биылғы жылы кәсіпорын өндіріс көлемін былтырғы жылмен салыстырғанда 25%-ға арттыруда»,-дейді Ринат Сұлтангереев.
Айта кетейік, өңірде индустрияландыру картасы аясында 28 жоба өз деңгейде орындалуда. Өткен жылы іске қосылған цемент және әк шығару зауыттарының өнімі еселенуде.
27 тамыз 2019 ж. 293 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области