Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде енді кез келген жаңа заң жобасы БАҚ беттерінде жарияланады

Елімізде енді кез келген жаңа заң жобасы БАҚ беттерінде жарияланады

Kyzylorda-news.kz. Яғни, қоғамда қызу талқыланып, оң бағасын алған құжат қана Парламентке ұсынылуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Әділет министрлігі осы мақсатты көздейтін «Жасыл» және «Ақ» кітап тәжірибесін таныстырды. Бұл - Ұлыбританияның заң шығару ісінде қолданылатын жүйе. Оның ерекшелігі, министрліктер туындаған мәселені сарапшылар тобымен талқылап, қандай да бір құжатқа енгізілетін өзгеріс ұсынады. Кейін тұжырымдама бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көпшілікке таныстырылады. Бұл кезең – «жасыл» кітап деп аталады. Яғни, заң жобасының әлі де болса дайын еместігін білдіреді. Ал ұсыныстар ескеріліп, қоғам пікірі сараланған құжат «Ақ» кітапқа айналып, соның негізінде жаңа заң қабылданады.
«Бұл әзірге нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу жұмысын жетілдіру үшін ұсынылып отырған заң жобасы ғана. «Жасыл» және «Ақ» кітап тәжірибесін Парламентке алдағы уақытта ұсынамыз. Дегенмен, министрліктерді осы жүйе бойынша жұмыс істеуге қазірден бастап шақырып отырмыз. Бұл тәжірибе заң жобасын қарау мерзімін 1 жылдан 2 жылға дейін ұзартуы мүмкін. Бірақ құжатты жедел қабылдау керек болған жағдайда уақытты қысқартамыз», - дейді ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.

28 тамыз 2019 ж. 226 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области