Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Яндекс компаниясына шақырту алған қызылордалық жас өнертапқыш кім?

Яндекс компаниясына шақырту алған қызылордалық жас өнертапқыш кім?

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының тұрғыны, жас өнертапқыш Дастан Айтбай ресейлік Яндекс компаниясынан шақырту алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дастан Айтбай көптеген инновациялық жобалар бойынша елге танылып келеді. Ол былтыр инновациялық құлаққап жасап шығарды. Қазір екінің бірі құлаққапты пайдаланады. Дегенмен ол қауіпсіздікті сақтау барысында көптеген қиындықтар тудырады. Дастан құлаққаптың ішіне қауіпсіздік сигналын орнатқан. Мәселен, көлік, жол-көлік, жедел жәрдем қызметтерінің сигналы естілгенде құлаққаптағы әуен автоматты түрде тоқтайды.
Сондай-ақ, Дастан вирусқа қарсы қорғаныс ретінде қолданылатын арнайы жобаны ойлап тапты. Оған «Кафка» бағдарламасы деген атау берілген. Оны вирусқа қарсы вирус деуге негіз бар. Жоба бойынша ол вирусты өз қақпанына түсіреді. Оған өзінің вирустарын жүктеп жібере алады. Нәтижесінде жіберілген вирус қайтадан бұрынғы «ұясына» барып, арқалап келген жүгі арқылы өзін-өзі жойып жібереді.
«Алдағы уақытта өз білімімді Ресей астанасы - Мәскеу қаласында жетілдіргім келеді. Бұл - үлкен тәжірибе алаңы. Мұндай ірі компаниямен бірге жұмыс жасау өзіме жасалған үлкен мүмкіндік деп санаймын», - деді Дастан Айтбай.
29 тамыз 2019 ж. 344 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области