Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДАСТАН АЙТБАЙ: «ВИРУСТІҢ ТАРАЛУЫНА КЕДЕРГІ КЕЛТІРМЕКПІН»

ДАСТАН АЙТБАЙ: «ВИРУСТІҢ ТАРАЛУЫНА КЕДЕРГІ КЕЛТІРМЕКПІН»


Бүгінгі әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Басқаша айтқанда, жаңа технология  өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Бұл Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында да көтерілген түйткілдің бірі. Барлығы сандық жүйеге көшіп жатқан мына заманда күнделікті өмірді әлеуметтік желісіз елестету қиын. Ал осы әлеуметтік желіде вирус тарататын сілтемелер өте көп. Оларға қарсы антивирус жасалғанымен, көп ұзамай оны жойып жіберетін өзге вирус пайда болатыны баршаға аян. Осы мәселенің шешімін жерлесіміз тауыпты. Вирусқа қарсы қорғаныс жобасын ойлап тапқан озық ойлы өреннің аты-жөні – Дастан Айтбай. Жоба туралы толығырақ білуді мақсат тұтқан біз сала маманын әңгімеге тартқан едік.
– Алматы қаласында өткен сайыста «Кафка» жобасын қорғадыңыз. Бұл жобаның ерекшелігі неде?
– Биылғы көктемде «Alma you management university» ұйымдастыруымен өткен сайыста «Кафка» атты ақпараттық технология саласында өзекті тақырыпты талдап, аталған жобаны өзіндік жүйеге келтіру жайлы ұсыныс тастаған едім. Сөйтіп, ақпараттық қауіпсіздікті сақтаудың жаңа формасын құрастырдық. Франц Кафка – классик жазушы. Даңқты қаламгердің өмірлік ұстанымын негізге алып, жобамды «Кафка» деп атадым. Жобаның басты ерекшелігі – хакердің өзіне дәл сол шабуыл тізбегін кері қайтарып, өзін әлсіз етуінде. Яғни, жіберілген вирус бұрынғы «ұясына» барып, арқалап келген жүгі арқылы өзін-өзі жойып жібереді. Мысалы, «ВК», «Инстаграм» секілді мессенджерді бұзып қайта қалпына келтіруге болады. Жобаны келешекте дамытып, түрлі вирустың таралуына кедергі келтірмекпін.
– Бұл салаға қызығушылығыңыз қалай оянды?
– Қорғаныс – утопия, яғни, елес тәрізді. Бұрын қорғаныс дегенге сенбейтін едім. Ақпараттық технология ғана емес, жалпы, өмірде де солай. Осы ойымды өзгерткен IT саласы болғандықтан, қызығушылығым оянды. Зерттей келе, болашағымды осы саламен байланыстырамын деп шештім.
– Вирус адамды өзіне арбайды деп жатамыз, қаншалықты рас?
– Әрине, «Уou tube» немесе өзге де сайтты ашсаңыз жарнамаға толы екенін көресіз. Іздеген зат өзі-ақ алдымыздан шыға келеді. Бұның бәрі трояндық вирус екенін аңғара бермейміз. Бұл вирустық тізбек адамнан қаражат алу мақсатында қолданылады. Мұндай вирустан құтылуға, оны көрмеуге тырысыңыз. Бір рет байқамай ашқанның өзінде, ұялы телефонның немесе компьютердің жұмысын баяулатады.
– Компьютер, веб-сайтты хакерлік шабуылдан қорғауда қандай тіл қауіпсіз?
– Шетел жаңалықтарына мән берсек, хакерлер 2 млрд. АҚШ долларын ұрлапты немесе ЦРУ базасына шабуыл жасалды дегенді жиі естиміз. Мұның барлығы АҚШ-та хакерлік жүйе жақсы дамығанын аңғартады. Десе де сайттың жұмысына кедергі келтіру немесе жою ол өнер емес, керісінше, бұл нағыз қылмыс. Тіпті өзге мемлекеттерде хакерге сайтты бұзғаны үшін 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айырады. Біздің жас мемлекетіміз мұндай дәрежеге жеткен жоқ. Өйткені, бізде мықты хакерлер жоқтың қасы. Ал біздің мақсат – аталған хакерлік қылмысқа қарсы тұру. Осы тұста «C++sharp» тілінде бағдарлама негізінде сайт жасаған абзал. Өйткені бұл тіл қауіпсіз әрі қиын тілдің бірі.
– Мәскеуде бірнеше жыл білім алдыңыз? Қандай тәжірибесі көңілден шықты?
– Мәскеуде жан-жақтан келген студент көп. IT мамандарының шоғырланған орны десе де болады. Ағылшын, неміс және орыстармен бірлесе жұмыс істедік. Әр елдің өзіндік ерекшелігі мен ұтымды идеясы бар. Олармен тәжірибе алмасудың өзі бір бақыт. Ең мықты деген жүйемен жұмыс жасауға болатынына көз жеткіздім. 20 миллион халқы бар бұл қалада ақпараттық шабуыл күнде орын алады. Осыған орай біз де сағат сайын жаңа тәжірибе жинауға күш салдық.
– Әңгімеңізге рахмет.
20 тамыз 2018 ж. 1 244 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области