Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БІЛІМ САЛАСЫНА БІРҚАТАР ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ЕНЕДІ

БІЛІМ САЛАСЫНА БІРҚАТАР ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ЕНЕДІ


    Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының мақсат-міндеттерін талқылау үшін Қазақ гуманитарлық заң және техникалық коледжінің ұжымы бас қосты.
    Шара барысында «Шет тілі және құқықтану» пәндер бірлестігінің оқытушысы Жанар Дүйсенова баяндама жасап, Елбасы Жолдауын толық таныстырып өтті.
    - Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Жолдауы да білім саласын айналып өтпеді. Бүгінде әлем технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басуда. Экономикамен қатар, оның негізгі тірегі болып табылатын адами капитал сапасын жақсарту, мұның ішінде білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту мәселесі сөз болды. Елбасының еліміздің одан әрі дамуы үшін 10 нақты тапсырмасы көңіл қуантарлық жағдай, - деді Жанар Дүйсенова.
    Аталған оқу орнының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенті Ақтолқын Абылаева  маңызды құжатты іске асырып, оны ілгерілету жұмыстарына білім мен ғылымды игерген жастардың күші қажеттігін атап өтті.
     - Жолдауда Мемлекет басшысы ағылшын тілін меңгермей Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайтындығын баса айтты. Біздің халқымыз кез келген мүмкіндікті толықтай пайдалана алатындығына, алдымызда қандай қиындықтар кездессе оларды еңсере алатындығымызға зор сенім білдірді. Әрине мұның барлығы жастардың қолында екендігін біз жақсы түсінеміз, - дейді Ақтолқын.
    Айта кетейік, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық коледжінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясындағы атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Аталған бағдарламаның идеясын қолдап, IT технологияның дамуына үлес қосу мақсатында «Цифрлы индустрияны дамыту барлық салаға берілген тың серпін» тақырыбында республикалық вебинар өткізілді.
    Сондай-ақ, облыстық ғылыми конференциялар мен білім олимпиадалары тұрақты ұйымдастырылып тұрады.
    Фариза ОМАРОВА



15 қаңтар 2018 ж. 936 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области