WHATSAPP-ТАН ХАБАРЛАМА ҰРЛАЙТЫН ЖАҢА ВИРУС АНЫҚТАЛДЫ
"Касперский зертханасы" Android құрылғыларында тарайтын жаңа вирусты анықтады, ол WhatsApp мессенджерінен хабарлама ұрлай алады. Бұл туралы компанияның зерттеуінде жазылған.
Әңгіме Skygofree вирусы жайында болып отыр, ол ірі ұялы телефон операторларының жасанды сайттары арқылы тарайды. Бұл сайттарда қолданушыларға "интернетке қосылуды жылдамдататын" қызметті қосу ұсынылады, деп жазады Риа новости.
"Skygofree — ең қуатты тыңшылық құралдардың бірі, мұндайды бұл платформада бұрын-соңды көрген емеспіз", — дейді сарапшылар.
Мамандардың айтуынша, тыңшы-бағдарлама адамдардың сөзін жазып, СМС пен WhatsApp-тағы хабарламаларды, GPS деректері мен күнтізбедегі оқиғаларды ұрлай алады. Сондай-ақ вирус тараған құрылғы белгілі бір жерде болған уақытта дыбысты жазып алуға қауқарлы. Бұдан бөлек вирус құрылғыны бәзбіреулермен бақыланатын Wi-Fi-желіге қоса алады.
Зерттеу көрсеткендей, Skygofree 2015 жылдан бастап белсенді тарала бастады. "Касперский зертханасының" мәліметі бойынша соңғы рет вирусты тарататын домен өткен жылы 31 қазанда тіркелген. Ол кезде вирусты Италиядағы құрылғылар ғана жұқтырған екен. Сондықтан сарапшылар вирусты ойлап табушылардың Италияда екенін сенімді.
Sputnik