Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыдағы ХҚКО-да алаяқтық тақырыбында семинар өтті

Қармақшыдағы ХҚКО-да алаяқтық тақырыбында семинар өтті

Kyzylorda-news.kz. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Қармақшы аудандық бөлімінде аудан прокуроры Ербол Сейтжановтың қатысуымен «Алаяқтардан қорғанайық» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында аудан прокуроры Е. Сейтжанов қазіргі таңда алаяқтық әрекеттердің ғаламтор, ұялы телефон арқылы көп жасалатынына баса назар аударды. Алаяқтардың қарапайым ұялы телефон арқылы және интернетте отырып-ақ айласын асыратыны жайлы мысалдарды тілге тиек етті.
Сондай-ақ, соңғы кездері оқуға түсіру, жұмысқа тұрғызу барысында немесе үй, автокөлік сату, айырбастау секілді түрлі тұрмыстық қарым-қатыныс кездерінде де тұрғындарды алдап, өз торына түсіретіндердің көбейіп отырғанын атап өтті.
Алаяқтық – бүгінгі қоғамда кең етек алған қылмыс түрі екендігін айтқан аудан прокуроры олардан қалай сақтануға болатындығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
29 тамыз 2019 ж. 328 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области