Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Еліміздің полицейлеріне алатаяқтары кері қайтарылды

Еліміздің полицейлеріне алатаяқтары кері қайтарылды

Kyzylorda-news.kz. Елімізде полицейлеріне жол бойындағы қозғалысты реттеу үшін алатаяқты қайта қолдануға рұқсат етілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ішкі істер министрлігі 1 қыркүйектен бастап жол қозғалысын реттеу үшін алатаяқты қолдануға көшеді. Айта кету керек, алатаяқтар тек жол қозғалысын реттеу үшін, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну жағдайында, сондай-ақ: жол-көлік оқиғалары және жолдарда кептеліс пайда болғанда, оның ішінде бағдаршамдар істен шыққанда; көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүру кезінде; терроризмге қарсы операцияны және (немесе) күзет іс-шараларын өткізу уақытында; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын болдырмау және (немесе) жою кезінде қолданылады», - делінген ҚР ІІМ ақпаратында.
Енді полицейдің үстінде сары түсті кеудеше, жарық шағылыстырғыш қолғап, сондай-ақ алатаяқ, және ысқырғыш болады.
«Бүгінгі күні автожолдардағы патрульдік полиция жұмысы толығымен автопатрульдеуге ауыстырылғанын атап өту қажет. Яғни көлік құралдарын тоқтату арнайы жарық-дыбыс сигналдарын және дауыс зорайтқыш құрылғылар пайдалана отырып, алатаяқ қолданбай, сигнал беру арқылы автопатрульдеу режимінде жүзеге асырылатын болады. Полиция қызметкерінің көлік құралдарын қолмен белгі беріп тоқтатуына жол берілмейді. Алатаяқтарды қолдануға көшу үшін бюджеттен қаржы талап етілмейді. Өйткені бұрынғы алатаяқтар сақталған», - деп атап өткен министрлік.
02 қыркүйек 2019 ж. 265 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области