Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы мектептердің алдында жол белгілері жетіспейді

Қызылордадағы мектептердің алдында жол белгілері жетіспейді

Kyzylorda-news.kz. Облыстық полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері жаңа оқу жылының басталуына байланысты облыс орталығында орналасқан білім беру ұйымдарының айналасында жол қозғалысын реттейтін техникалық құрылғыларға зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, облыс орталығындағы біршама білім беру ұйымдарының алдында жол қозғалысын реттейтін бірқатар жол белгілері жетіспейтіндіктері және жол үсті таңбаларының өшіріліп көрінбей қалғандығы белгілі болды.
Анықталған кемшіліктер бойынша қала әкімінің атына хабарлама-ұсыныс жолданды. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне жолданған нұсқама негізінде, қазіргі таңда 26 дана жол белгілері қайта қалпына келтірілсе, жаңадан 34 жол белгісі орнатылған. Сондай-ақ, тал бұталары кесіліп, 88 жерде жаяу жүргінші жол үсті таңбалары жаңартылды.
Дәл осындай жұмыстар облыс бойынша барлық аудандарда жүргізілуде.
02 қыркүйек 2019 ж. 511 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области