Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » САЛЫҚ КӨЗДЕРІ МОЛАЯ ТҮСТІ

САЛЫҚ КӨЗДЕРІ МОЛАЯ ТҮСТІ

Қызылорда қаласы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өткізілді. Онда облыс орталығындағы бүгінгі күннің маңызды мәселелері талқыланды.
Мәжілісте қала басшысы алдымен кадрлық өзгерісмтерге тоқталды. Бұдан бұрын Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, қала әкімінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған Руслан Каюпов енді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы болса, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Азамат Каюпов қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды. Сонымен қатар, Қызылөзек, Талсуат ауылдық округінің әкімдері қызметіне Сәкен Әбдіжаппар, Болатбек Нұрлыбаев кірісті.
Мәжілісте қала әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Шахмардан Байманов өзі жетекшілік ететін салалары бойынша атқарған іс-шаралар барысына тоқталды.
– Биылғы жылы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, яғни физика, химия, биология, робототехника каби-неттері мен 3D модельдеу, цифрлы лабораториялармен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен қажетті қаржы қаралып, ол игерілуде, – деді Ш. Байманов.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай біршама мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Оған еліміздің өзге өңірлерінен Сыр бойынан шыққан ғалымдар, әдебиет және өнер қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерін шақыру жоспарланған. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарды марапаттау үшін 2000 дана арнайы сериялық мерекелік медаль дайындалуда.
Мұнан соң, қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов хабарлама жасап, жетекші салалардағы өткен 6 айдың көрсеткіштеріне тоқталды. Жергілікті бюджеттің кіріс көзін ұлғайту мақсатында мемлекеттік кірістер басқармасы, әділет басқармасы, облыстық ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасы, қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі, жеке сот орындаушылар, миграциялық полиция қызметкерлерінің қатысуымен жұмысшы комиссиясы құрылған. Қазіргі уақытта көлік салығы бойынша 304 млн.теңге, мүліктік табыс салығы бойынша 76 млн. теңге, жер салығынан 72 млн.теңге және шетел азаматтарының жеке табыс салығы бойынша 51,0 млн. теңге, барлығы 503 млн. теңге көлемінде резерв анықталған.
Нәтижесінде қазіргі таңда бюджетке қосымша 40 млн.теңге өндірілді. Бұл жұмыстар комиссиямен бірлесіп заң талабына сәйкес әрі қарай жалғасын табады.
Шаһар басшысы жиын соңында қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арттыру, халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатындағы кешенді іс-шараларды жалғастыру керегін айтты.


23 шілде 2018 ж. 435 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области