Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық ғалымдардың ғылыми мақаласы халықаралық журналда жарияланды

Қызылордалық ғалымдардың ғылыми мақаласы халықаралық журналда жарияланды



Kyzylorda-news.kz. Тамыз айының аяғында «Перспективы науки и образования – Perspectives of Science and Education» журналының төртінші нөміріне Қызылордадағы «Болашақ» университенің профессоры, саяси ғылымдарының кандидаты М.Ө.Насимов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің докторанты Б.Ж.Паридинова және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ш.М.Майгельдиеваның «Рухани қауіпсіздік туралы ғылымдағы түсініктер» атты мақалалары ағылшын тілінде жарық көрді.
Аталған ғылыми мақалада ғалымдар заманауи қоғамдағы өзекті мәселе болып табылатын рухани қауіпсіздік және оның негізгі түсініктеріне ерекше назар аударады. Авторлардың зерттеу жұмысында рухани қауіпсіздік ұғымын теориялық тұрғыдан түсінудің өзектілігі мен маңыздылығын дәйектеледі. Берілген мақалада түсінік руханилық, рухани дүниетаным және рухани қауіпсіздік сынды өзара байланысты ұғымдар, адам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі білімнің рөлі мен адамның рухани интеллектісі негізінде талданады. Рухани қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін қоғамның руханилығын жетілдірудің түрлі шараларын қабылдау қажеттілігі сөз болады.
«Перспективы науки и образования - Perspectives of Science and Education» журналы – жылына 6 рет жарық көретін рецензияланатын халықаралық электронды ғылыми басылым болып табылады. Аталған басылым Scopus халықаралық реферативті мәліметтер базалары мен сілтемелер беру жүйесіне енетін ғылыми басылымдар тізімінде индекстеледі. Журналдың басты тақырыбы мен алдына қойған мақсатына философия, психология, әлеуметтану, физиология, медицина, тарих, білім беру саясаты мен құқығы, экономика, статистика секілді т.б. іргелес ғылым салаларының өзекті мәселелерін жедел түрде жариялау жатады.

02 қыркүйек 2019 ж. 395 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области