Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Халықаралық журналға Сыр өңірі ғалымдарының мақаласы жарияланды

Халықаралық журналға Сыр өңірі ғалымдарының мақаласы жарияланды

«Space and Culture, India» атты рецензияланатын халықаралық журналдың наурыз айындағы нөміріне отандық ғалымдардың мақалалары жарияланды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Журналда жарық көрген «Мәдени кешеннің символдық әлемінің семиотикалық талдауы» тақырыбындағы мақаланы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Т.Ғабитов, аталмыш университеттің докторанты Ж.Әбікенов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценттері О.Бермаханов пен А.Әбдіраманова және «Болашақ» университетінің профессоры М.Насимов жазып шыққан.
Мақалада байырғы түркі халқының мәдени-рухани ой санасы мен дүниетанымын айқындайтын Қорқыт Ата кешенінің рәміздік мән-мағынасын семиотикалық талдау негізінде қарастырылады. Қорқыт Ата кешені семиотикалық талдау тұрғысында алғашқы рет қазақ мәдениеті контекстінде қарастырылып отыр. Мәдени ескерткіштерді семиотикалық зерттеу әдістемесін негіз ретінде қолданып, одан этномәдени қисында далалық зерттеу жүргізіліп, рәміздік мәдени мән-мағынаны ашуға талпыныс жасалды. Сонымен қатар, аталған мақсатты шешу жолында кешеннің әлеуметтік-мәдени табиғаты мен философиялық мәнін ашу арқылы рөлін анықтау, рәміздік тұрғыда әдістемелік негіздерге сүйене отырып, кешендегі дүниетанымдық рәміздік элементтерге талдау жасау, Қорқыт Атаның ежелгі түркі өркениетінің қалыптасуындағы алатын орны мен кешеннің мәдени-рәміздік маңызын пайымдау, кешеннің рухани-мәдени, дүниетанымдық бастауларындағы рәміздік ерекшелігін айқындау және оған жалпы кешендік тұрғыда семиотикалық талдау жасалды.
Жалпы «Space and Culture, India» журналы төрт айда бір рет гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша ғылыми еңбектерді жариялайды. Бұл журнал осы саладағы беделді басылым. Скопус базасындағы 2017 жылғы SiteScore көрсеткіші 0.47-ге тең. Журнал жылына 16 мен 46 арасындағы мақалаларды жариялайтындығын ескерсек, бұл қазақ ғалымдарының жоғары жетістігі деп айтуға толық негіз бар.
03 сәуір 2019 ж. 480 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области