Қызылордадағы оқу орындарының жатақханалары талапқа сай ма?
Kyzylorda-news.kz. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының бастамасымен аймағымыздағы құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жатақхана нысандарына зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, бақылау жұмысына қатысқандар Қызылорда қаласындағы Қызылорда медициналық жоғары колледжінің қазіргі және жаңа жатақханасына, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары қолледжі, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледждерінің жатақханаларында болып, олардың жағдайымен танытсы.
Бақылау жұмыстарына облыстық «Nur Otan» партиясы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы, «Қазпошта» АҚ ҚОФ директоры А.Абибуллаева, облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Т.Тілес және «Ақмешіт адалдық алаңының» мүшесі Ж.Бексейітова қатысты.
Мониторинг нәтижесімен аналитикалық талдау жасалып, оқу орындарының басшыларына және құзырлы органдарға арнайы ұсыныс хаттар жолданатын болады.
Айта кетейік, алдағы уақытта құзырлы органдармен бірлесе аймағымыздағы ЖОО мен мемлекеттік емес оқу орындарының жатақханаларына мониторинг жұмыстары жүргізілмек.