Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАТАҚХАНА СТУДЕНТТЕРГЕ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ?

ЖАТАҚХАНА СТУДЕНТТЕРГЕ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ?


Қызылорда облысында жатақханаға мұқтаж 3 200 (үш мың екі жүз) студенттің тек үштен бір бөлігі студенттік жатақханалардан орынмен қамтылған. Кейбір студенттік жатақханалардың тозығы жетіп, арнайы жөндеу жұмыстарын қажет етіп отыр.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторингтік топ мүшелері облыс орталығында бірқатар оқу орындарының жатаханасында болды. Атап айтқанда, топ мүшелері Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық жоғары колледжі мен Қызылорда медициналық жоғары колледжі және Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі жатақханаларын тексерді.
Басты мақсат жатақханалар қызметіне қоғамдық бақылау орнату арқылы жемқорлық көріністеріне жол бермеу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау болып табылады.
Рейд барысында студенттік жатақханалардың мақсатты пайдалануы, оның ішінде, өзге санаттағы азаматтардың және отбасылардың негізсіз тұруын болдырмау басты назарға алынды.
Айта кетейік, арнайы мониторингтік топтың тексеру жұмысы нәтижесінде студенттік жатақханаларда отбасылардың тұруы анықталған жоқ. Алайда, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінің студенттік жатақханасында өзге оқу орындары студенттерінің негізсіз тұрғаны анықталды.
Рейдтік қарау қорытындысымен облыстық білім басқармасына тиісті ұсыныстар енгізіліп, аталған колледж директорының орынбасары Ғ.Мамытов тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Рейдтер алдағы уақытта жалғасын табады.
18 маусым 2018 ж. 1 302 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области