АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП ҚОРҚЫТ АТА МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІНДЕ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен құрылған республикалық арнайы мониторингтік топ облыстағы жұмыс сапары сенбі, яғни 21 сәуір күні Байқоңыр қаласында жалғасқаны мәлім. Кеше топ мүшелері жұлдызды қалашықтағы "Байқоңыр космодромының тарихы" музейінде және "Қорқыт ата" мемориалдық кешенінде болды.
Республикалық топ мүшелері Байқоңыр ғарыш айлағының тарихымен танысып, ғарышты игеру жолындағы адамзаттың жеткен жетістіктерімен қанықты.
Одан кейін, Қармақшы ауданының аумағында орналсқан "Қорқыт ата" мемориалдық кешеніне арнайы ат басын бұрды.
Топ мүшелері мемориалдық кешенді толық тамашалап, күллі түркі жұртының ортақ ойшылы, дана абызы Қорқыт атаның ұрпаққа қалдырған жәдігерлерімен танысты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен құрылған арнайы мониторингтік топ Қармақшы ауданында да жұмыс жасайды.
Қазіргі таңда арнайы мониторингтік топқа үкіметтік емес ұйым өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мүшелікке кіреді.
Қармақшы ауданы бойынша арнайы мониторингтік топ басшысы Әбдірахман Құлдүйсенов сайланған. Аудан көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық бастамалар кеңесі тұрақты өткізіліп тұрады.
«Кызылорда-ньюс»