Қызылордада мұғалімдер «Балалар және кәсіпкерлік» жобасы аясында тренингке қатысты
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданында мектеп мұғалімдері «Балалар және кәсіпкерлік» жобасы аясында тренингке қатысты.
Жоба ұйымдастырушысы – «Атамекен» ҰКП мен «Жастар қызметкерлері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі.
Жобаның мақсаты – оқушыларға тұрақты қоғам негіздерін түсінуге және қызметтерді бірлесіп пайдалану мен таратуды экономиканың бір бөлігі ретінде қабылдауға мүмкіндік беру болып табылады.
Тренинг аясында Нұр-Сұлтан қаласынан келген тренер-педагог Әлия Сүлейменова ұстаздарға экономика, кәсіптік бағдар беру және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы оқытушылық және тренерлік дағдыларын дамыту бойынша жан-жақты ақпарат берді. Шараға қатысушылар оқушылардың әлеуметтік және кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға арналған дайын оқу-әдістемелік біліктіліктерін жетілдірді.
Тренинг қорытындысымен қатысушылар арнайы сертификатқа ие болды.