Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 6 қыркүйек: Атаулы күндер мен оқиғалар

6 қыркүйек: Атаулы күндер мен оқиғалар

Пәкістанда қорғаныс немесе армия күні
1965 жылдың тамыз-қыркүйек айларында болған екінші үнді-пәкістан соғысы құрбандарын еске алуға арналған жалпыұлттық мереке.

1960 жылы Өзбекстанда қазақ әдебиеті мен өнерінің күндері болып өтті.

1985 жылы Қазақ КСР мәдениет министрлігінің бұйрығымен Қазақстанның балалар мен жасөспірімдерге арналған театры дербес қазақ және орыс ұжымдарына бөлінді. Қазақ театры белгілі жазушы әрі драматург Ғабит Мүсіреповтің есімімен аталса, 1995 жылы орыс театрына Н.Сац есімі берілді.

1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа тұрғын үй саясаты туралы» Жарлығы шықты.

1995 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы» Жарлығы жарық көрді.

2014 жылы Астанада тікұшақпен жолаушылар тасымалдайтын «Әуе таксиі» өз қызметін бастады.
06 қыркүйек 2019 ж. 402 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области