3 қыркүйек: Ел тарихында орын алған оқиғалар
1992 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «ҚР Президентінің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы туралы» Жарлығы жарық көрді.
1994 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік билік және басқару органдарындағы жауапты тұлғалардың жемқорлыққа, парақорлыққа және басқа да қылмыстық жазаланатын әрекеттеріне қарсы күрес бойынша арнайы республикалық комиссия құру туралы Жарлығы жарық көрді.
1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Алматы облысы Қаскелең ауданының атауы Қарасай ауданы болып өзгерді.
2007 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен елордадағы халықаралық республикалық қазақ-түрік лицейі салтанатты түрде ашылды. Мектепте керемет жабдықталған спортзал, бассейн, конференц және акт залдары, кабинеттерге мультимедиа жабдықтары орнатылған. Мектеп 1 000 оқушыға есептелген. Гуманитарлық сабақтары қазақ тілінде, ал техникалық сабақтар ағылшын тілінде өтеді.
2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола облысының Щучье ауданы Бурабай ауданы деп өзгертілді.
2015 жылы «Қазпошта» АҚ күллі әлем бойынша сәлемдемелерді бақылау сервисін іске қосты.