7 қыркүйек: Ел тарихында орын алған оқиғалар
1932 жылы Қазақстанда тұңғыш рет көп басылымда газет пен журнал шығаратын арнайы мамандандырылған «Дәуір» баспасы құрылды.
1999 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан мен Украина халықтары арасындағы достық пен бауырластық дәстүрлі қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін, жан-жақты және өзара тиімді қазақ -украин ынтымақтастығын кеңейтуге ұмтылғаны үшін Украина Президенті - Леонид Кучманы «Алтын Қыран» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
2004 жылы Қазақстан әйелдерінің IV форумы ашылды.
2010 жылы Қазақстанда 350.ORG жаһандық экологялық қозғалыс өкілдігі ресми ашылғаны хабарланды.
2013 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қазақстандық-қытайлық іскерлік кеңестің құрылтайшы отырысы барысында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырын іске қосты.