24 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар
Жыл сайын Халықаралық табиғатты қорғау одағының бастамасымен аталып өтіледі. Қорықтар - табиғаттың жаратылысын және оның барлық түрлерін өзгеріссіз сол қалпында сақтайтын аумақ бөлігі немесе акватория.
1933 жылы «Қазақтың көркем әдебиеті» баспасы құрылды. 1964 жылы атауы «Жазушы» болып өзгерді.
1996 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы құрылды.
2007 жылы «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ тілінде басылып шыққан «Қазақстан жолы» атты кітабының таныстырылымы өтті.
2010 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Абдолла Гүл «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени мүзей-қорығында болды.
2010 жылы қазақстандық альпинистер командасы әлемдегі ең биік он төрт шыңды түгел бағындырған тұңғыш команда атанды. Біздің альпинистер жерден сегіз мың биіктікте орналасқан Лхоцзе (8 516 м) шыңын бағындырды.
2013 жылы қазақ ұлттық әдебиетінің кейіпкерлері - Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың ойыншық макеттері «ғарышта» болды.
2016 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі «proof» сапасымен 100 теңгелік «Көркем гимнастика. Олимпиада ойындары 2016» ескерткіш күміс монетасын айналымға шығарды.
2016 жылы Будапеште жарғылық капиталы 40 млн долларды (әр тарап 20 млн доллардан бөледі) құрайтын Қазақстан-Венгрия тікелей инвестициялау қорының ресми ашылу салтанаты өтті.
2017 жылы Қазақстан - Ресей қатынастарын дамытуға, Қазақстан және Ресей халықтарының арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан сүбелі үлесі үшін Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.
Патриарх Кириллге орденді Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов табыс етті.