Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Жолаушылар тасымалын» енді Германиядан келген неміс маманы басқаратын болды

«Жолаушылар тасымалын» енді Германиядан келген неміс маманы басқаратын болды

Kyzylorda-news.kz. Неміс маманы Михаэль Кортюм «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы.

М.Кортюм темір жол саласында, оның ішінде жолаушылар тасымалында мол тәжірбиесі бар маман. Қайта құру, жобалау, жаңа стратегияны жүзеге асыруда талай ірі жобаларды іске қосқан.
Сондай-ақ, клиенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсету, сервис мәселелері, жолаушылар тасымалындағы көптеген өзекті пробелмалардың шешімін тауып, осы бағытта талай игі бастамалардың жетекшісі болған.
М.Кортюм 1969 жылы 3 ақпан күні Гамбургте дүниеге келді (Германия). Еңбек өтілі 1989 жылдан бастау алады. «DeutscheReichsbahn» компаниясында (Неміс темір жолдары) қатардағы электромонтер, артынан 5 жыл пойыз машинисі болған. Бұдан кейін жолаушылар пойыздарына қызмет көрсету бөлімінің супервайзері қызметіне ауысты. «DB Fernverkehr» компаниясының Солтүстік сервис орталығының басшысы, Солтүстік Германия өңіріндегі «DB InternationalGmbH» компаниясының басшысы болды.
Соңғы жылдары М.Кортюм Таяу Шығыс пен Солтүстік Германия бойынша команияның өндіріс жөніндегі Бас директоры, «DB Engineering&Consulting» компаниясының бас директоры, «ValueEngineering / Asia and Pacific» және «DB Engineering&Consulting» Атқарушы директоры (Берлин) лауазымында еңбек еткен.

05 қыркүйек 2019 ж. 335 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области