Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РУХАНИ ТӘРБИЕ – ІЗГІЛІКТІҢ БАСТАУЫ

РУХАНИ ТӘРБИЕ – ІЗГІЛІКТІҢ БАСТАУЫ


    М.Мəметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде "Рухани тəрбие-ізгіліктің бастауы" тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Оған  облыстық оқу орталығының мамандары, колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, М.Мəметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледждің «Жастар комитеті» мүшелері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
    Шараның мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы талаптарына сай ұлттық сананы жаңғырту, «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын қалыптастыру, аймақтағы өзге оқу орындарымен тәжірибе алмасу болды.
    Алдымен шараға келген қонақтар «Білім нұры» галереясы, «Тарих» және «Ерлік» залдарымен танысты. Одан соң, «Бизнес әліппесі», «Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбындағы оқу сағаттарына қатысты.
    Колледждің мәжіліс залында жалғасқан ауқымды шарада «Ұлттық сананың жаңғыруы – өзімізден басталады» - жастар арасында кездесетін келеңсіздіктер мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы видео-презинтацияның көрсетілімі болды. Сондай-ақ, бұл жерде көшбасшы еріктілерінің парады ұйымдастырылды.  
    Шара соңында оқу орындарының мамандары білім алушыларға рухани тәрбие беру жолында жасаған жұмыстары мен жоспарлары жайында өзара тәжірибе алмасты.






21 желтоқсан 2017 ж. 899 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области