Қызылордада әлеуметтік қызметкерден пара алған мемлекеттік мекеме басшысы сотталды
Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған аудандық фитосанитарлық диагностика және болжау жөніндегі әдістемелік орталығының бұрынғы басшысы Р.Мадалиевке Қызылорда облысындағы әлеуметтік қызметкерден пара алғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
«6 қыркүйекте Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында пара алды деген айыппен Мадалиевке мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырып, 50000 айыппұл салынды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарламада.
Мадалиев «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік қызметкерден оған жалпы қамқоршылық және жұмысқа деген селқостық үшін 20 мың теңге мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.