ҚАЙРАТКЕР МЕРЕЙТОЙЫ АТАП ӨТІЛДІ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Жолдасбековтің 80 жас мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев Мырзатай Жолдасбекұлын мерейтойымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
Мырзатай Жолдасбекұлы Тәуелсіздік алған елең-алаң кезеңде қайраткерлігімен, ұлтжандылығымен ерекше танылды. Оның Алаш қайраткерлерін қайта оралту жолындағы еңбегі зор екенін айту керек. Бір кездері атын атауға қорқатын Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаевтар тарих бетіне қайта шықты, ортамызға қайта оралды. Ойы озық, жаны таза, елім деп еңбек еткен ерлер ғана елінің тағдырына араша түсе алады. Бұл ретте, Мырзатай Жолдасбекұлы - өзінің азаматтық борышын адал атқара білген жан, - деді аймақ басшысы.
Іс-шара аясында М.Жолдасбековтің өлеңдеріне жазылған әндер айтылып, айтыскер ақын Аманжол Әлтаев арнау орындады.