Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыда Семей және Чернобыль апаттарына арналған ескерткіш ашылды

Қармақшыда Семей және Чернобыль апаттарына арналған ескерткіш ашылды

Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының орталығындағы «Жастар» саябағында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай мерекелік шара өтті. Оған осы сынақтарды тоқтатуда алғы шепте болған аудан азаматтары мен қонақтар қатысты.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов ашып, сынаққа қатыс-қан ардагерлерді мерекелерімен құттықтады.
«Семей ядролық сынағы мен Чернобыль апаты елімізге өшпестей дақ түсірді. Оның зардабын халық тартып, ауру бала дүниеге келді. Оны ешкім ұмытпайды. Ядролық қару ол бүкіл әлемге төнген қауіп. Тұңғыш президент осы қарудан бірінші болып бас тартып, тосқауыл қойғаны баршамызға мәлім. Қа-зақстанның бұл қадамын бүкіл әлем қолдады. Чернобыль апатын жоюға біздің жерлестерімізде қатысып, жігерлілік танытты», – деді Ә.Үсенұлы.
Мерекелік шара одан әрі марапатқа жалғасып, ардагерлер аудан әкімінің және «Nur Otan» партиясы алғыс хатымен марапатталды. Чернобыль апатына қатысқан азаматтарға арнайы «Чернобыль қаһарманы» төсбелгісі тағылды.
Семей ядролық полигонының жабылғанына – 30 жыл, Чернобыль апатына – 33 жыл толуына орай арнайы орнатылған ескерткіштердің ашылу рәсімі өтіп, гүл шоғы қойылды.
11 қыркүйек 2019 ж. 412 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области