Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫН ЖОЮҒА ҚАТЫСҚАН АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫН ЖОЮҒА ҚАТЫСҚАН АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

Бүгін Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Балшекер Өтегенова Чернобыль апатын жоюға қатысқан сырдариялық ардагерлерді қабылдап, құрмет көрсетті.
  Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен шараға ардагерлермен қатар, үкіметтік емес ұйым мүшелері, аудан әкімдігіне қарасты мекеме қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
  Кездесу жиынын ашып, жүргізіп отырған аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова осыдан 1986 жылы Чернобыль қаласында орын алған апаттың себебі мен салдары туралы кеңінен айтып өтті.
Апатты жоюға қатысқан қазақстандық ардагерлердің ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге екенін жеткізді. Сонымен қатар, аудан орталығындағы және барлық ауылдық округтердегі мектептерде, кітапханаларда және мәдениет нысандарында Чернобыль апаты туралы тақырыптық кештер, «дөңгелек үстелдер», кездесулер, ашық сабақтар өткізіліп жатқанын айтты.
  Ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған шарада ардагерлерге аудан әкімі Ғанибек Қазантаевтың «Алғыс хаты» және сыйлықтар берілді.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
Сырдария ауданы әкімінің
баспасөз хатшысы                                                                                                                                                                  


24 сәуір 2018 ж. 894 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области