Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


    Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Балшекер Өтегенова Семей ядролық полигонына қатысушы ардагерлерді қабылдап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
    Шарада Балшекер Сұлтанбекқызы ел алдындағы азаматтық міндеттеріне адал болып, полигон зардаптарын жоюда жанқиярлық танытқандарға алғыс айтты.
     – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Семей полигонының жабылуы – ел үшін тарихи шешім болды. Ядролық қарудан бас тарту арқылы егемен еліміз әлемге бейбітсүйгіш халық ретінде танылды. Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстан Республикасы – ядролық қарудан түбегейлі бас тартқан, әлемдік қауіпсіздікті сақтау бағытында бастама көтерген беделді мемлекетке айналды. Адамзат баласына зор қауіп төндірген полигонның ауыртпашылығымен бетпе-бет келу арқылы Сіздер Отанымыздың патриот азаматы екендіктеріңізді дәлелдедіңіздер. Сол себепті, сіздерді өскелең ұрпаққа үлгі етеміз, туған жердің елжанды азаматы деп мақтан тұтамыз, – деген Балшекер Сұлтанбекқызы ардагерлерге құттықтау хат пен жаңажылдық сыйлықтар табыс етті.
    Өз кезегінде Семей ядролық полигонына қатысушы ардагерлердің атынан Б.Сауытбаев, Ж.Құтыбаев сөз сөйлеп, көрсетілген құрмет үшін алғыс айтты. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шараға қатысушылар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.


27 желтоқсан 2017 ж. 890 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области