Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ас үйіңізде тұруы керек 10 тағам

Ас үйіңізде тұруы керек 10 тағам

1. Бал. Иммунитетіңізді қатайтып, күш-қуатыңызды арттырады. Сонымен қатар ас үйіңізде бал тұрса, қантты ұмытуға да болады.
2. Банан. Жүрек аурулары мен инсульттің алдын алуға көп көмегін тигізеді. Және оның құрамында бұлшық етке пайдалы калий элементі бар.
3. Геркулес. Тамырларыңызды тазалап, асқазан, ішек ауруларынан сақтайды.
4. Саумалдық. Саумалдықта бұлшық еттің ауруын басатын А, С, К дәрумендері және темір бар.
5. Зәйтүн майы. Зәйтүн майында Е дәрумені көптеп кездеседі. Ол ағзаңызды жасартып, холестирин мөлшерін төмендетеді.
6. Алма. Апельсинге қарағанда алмада С дәрумені көп. Ол қатерлі ісіктің алдын алып, жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек жұмыстарын жақсартады.
7. Йогурт. Йогурттың құрамында иммунитетіңізді көтеріп, ас қорыту жүйесін жақсартатын кальций өте көп. Оны жұмыс кезінде де жеңіл-желпі тағам ретінде тұтынуға болады.
8. Арқан балық. Бұл балық омега-3 майлы қышқылына бай. Ал ол холестирин мөлшерін азайтады және қатерлі ісікке қарсы төтеп береді.
9. Сәбіз. Көздің көруін жақсартатын және онкологиялық аурулардың алдын алатын сәбіздің құрамында бета-каротин бар. Оны көбіне күнбағыс майы немесе қаймақпен араластырғаныңыз дұрыс.
10. Қаражидек. Бұл жеміс көздің дұрыс көруіне көмектеседі. Сонымен қатар кәрілікпен күресіп, есте сақтау қабілетін арттырады.

Дереккөз: Reactor
14 қыркүйек 2019 ж. 385 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области