Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысындағы ХҚКО несиені кешіру бойынша 15000 тұрғынға қызмет көрсетті

Қызылорда облысындағы ХҚКО несиені кешіру бойынша 15000 тұрғынға қызмет көрсетті

Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда Президенттің Жарлығы бойынша қарыз жүктемесінің төмендеуі мен несиенің бір бөлігін жабу жүріп жатыр. Бұл хабар барша қазақстандықты қуантқаны рас. Алайда халық арасында бұл жеңілдікті кімдер пайдалана алады, қарызы кешірілетіндердің тізімінде болмаса не істеу керек деген сұрақтар туындауда. Сол себепті де бүгінгі таңда ХҚО адамдардың қарасы қалың.

Жарлық бойынша несиенің бір бөлігін жабу көп балалы отбасыларға, асыраушысынан айрылған, мүгедек баласы бар отбасылар, 18 жастан үлкен бала кезінен мүгедектер, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, 29 жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, кәмелет жасқа дейін ата-анасынан айрылғандарға арналған.
Несиелік рақымшылық – бір реттік. Ол Қазақстанның борыштық жүктемесін төмендетуге және Қазақстанның несие-қаржы жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Негізінде өз мәртебесін тексеру үшін ХҚО келудің қажеті жоқ. Оны enbek.gov.kz, egov.kz сайтына кіріп, өз ЖСН жазып мәртебесін білуге болады. Немесе 111 біріңғай нөмеріне хабарласу қажет. Ең соңынан басқа амал қалмаған жағдайда ғана ХҚКО бару қажет.
Алайда, егер сіздің аты-жөніңіз тізімде болмаса және сіз онымен келіспесеңіз, онда сізге 111, 74-32-20, 75-01-79 және 75-01-78 нөмірлеріне хабарласу керек. Егер сізді тізімнен алып тастау себебімен келіспесеңіз, онда Сізге банкке немесе несие берген микрокредиттік ұйымға жүгіну қажет.
Қазіргі таңда осы науқан кезінде облыс бойынша ХҚО үзіліссіз қызмет көрсетуде. Осы уақытқа дейін ХҚО қарыз жүктемесін жабу мен несиенің бір бөлігін төлеу бойынша 15000 жуық халыққа қызмет көрсетті.
13 қыркүйек 2019 ж. 261 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области